"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлемі Жибек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.03.2017

Болашақ бүгіннен басталады:

ЭКСПО – 2017

  2012 жылы Халықаралық көрмелер бюросының штаб пәтері орналасқан Париж қаласында халықаралық ұйымға мүше 160 мемлекеттің 100-ден астамы дауыс беріп,  Қазақстан елордасы – Астана қаласы 2017 жылғы Бүкіләлемдік көрмесін өткізетін басты құрметін жеңіп алды.

      Бүкіләлемдік ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізу құқығына орталық Азия мен ТМД мемлекеттерінің арасынан бірінші

болып Астана қол жеткізді.

Бұл – Қазақстанның зор табысы. Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар негізінен экономикалық алыптар саналатын АҚШ, Франция, Канада, Ұлыбритания, Испания, Қытай және басқада елдерде өтті. Енді олардың қатарына Қазақстанда қосылып отыр. Бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму ісіндегі табыстарын халықаралық қоғамдастықтың мойындауы. Біз үшін халықаралық көрмелер бюросына мүше 160 мемлекеттің басым көпшілігі дауыс берді. Іс жүзінде Астананы бүкіл әлем таңдады.

          EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру,

ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Әрине, бұл оңай шаруа емес.  Бүкіләлемдік «Астана ЭКСПО -2017» көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастыру бүкіл әлемге экономика, техника, жаңа технология, инновация салаларындағы үздік үлгілерді

көрсету, түсіндіру, жеткізу және дұрыс пайдалану Қазақстан елінің, соның ішінде,  энергетиктердің негізгі мақсаты

болып табылады.

    Еуропа елдері қазірдің өзінде күн мен жел энергиясын сенімді түрде молынан игеруде. Болашақта таусылмайтын қуат көзі ретінде сутегін игеруді жолға қоюда. Демек, баламалы және қайта жаңғыртылатын қуат көздерін игеруге, «Жасыл» экономикаға көшу мәселесін Елбасымыз алдағы 40 жылдың аса өзекті мәселесі ретінде бекерден-бекер атап

көрсеткен жоқ. Әрине, Қазақстан мұнай мен газға, басқа да шикізат көздеріне бай ел ретінде таяудағы болашақта дәстүрлі қуат көздерін дамытуға ерекше көңіл бөлетін болады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы (17қаңтар) жолдауында бұл жайында анық жазылған. Осы жылдарда, Астана энергетика саласында үздік

идеялар мен тәжірибелерді жинайтын, ғылым мен техниканың ең озық нәтижелерін ұсынатын орталыққа айналады деп көрсетілген. 

       Жел энергиясы жөніндегі әлемдік кеңестің мәліметі бойынша, 2020 жылы жел электр стансалары өндіретін

электр энергиясының көлемі жаһандық тұтыну деңгейінің 12 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін. Бұл орайда жаңадан 1,4 миллион жұмыс орны ашылып, ауаға таралатын көмірқышқыл газының көлемі жылына 1,5 миллиард тоннаға дейін азаяды. Яғни қазіргі көлемінен 5 есе қысқаратын болады. Ал 2030 жылға таман жаһандық энергетикалық өндірісте жел энергетикасының үлесі 20 пайызға жетпек.

  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай Астана электроэнергетика саласында үздік идеялар мен тәжірбиелерді жинайтын, ғылым мен техниканың, жаңа технологияның ең озық нәтижелерін ұсынатын және сол шешілетін мәселелерді тиімді пайдаланатын орталыққа айналуы тиіс. Қазақстанда атом энергиясы, күн сәулесінің энергиясы және жел энергиясы жан-жақты және қарқынды түрде пайдаланылатын болады.  Соның

нәтижесінде электроэнергияны қолданатын ғылыми мекемелер, өндіріс салалары дамиды да, Еліміздің экономикасы жоғары деңгейде болатын болады.   Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді

пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендейді.  Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017

көрмесін өткізудің маңызы өте зор.

Осындай іс – шараларды жүзеге асыру арқылы ел беделі артып, Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіре  алады деп есептеймін.

Просмотров: 410


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст