Білім бәсекесі – білікті маман қолында
Қазақстанның саясаты – әлемдік жаһандану дәуірінде осы қоғамнан ойып тұрып өз орнын табу. Әлеуметтік өмірдегі түбегейлі өзгерістер, білім берудің жаңа жүйесін, яғни әлемдік білім беру кеңістігіне енуге батыл қадамдар жасалуда. «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай, жас жеткіншектерді заман талабына сай тәрбиелеуде мұғалімнің рөлі зор. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты – үйрете жүріп үйрену. Білім берудің барлық саласында жаңа технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр. Қазіргі замандағы технология әрбір тұлғаның білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Білім берудегі ақпараттандыру жағдайында педагог
мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда біздің мектебіміздің мұғалімдері қарқынды жұмыс атқарып жүр. Өз білгенін басқаға үйретуден жалықпайтын мектеп мұғалімдері жаңа технологияларды негізге алып оқыту әдіснамасын жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызып жүр. Мектеп
ұжымының алдына қойған мақсаты – жаңа технологияларды қолдану арқылы білім сапасын көтеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепте ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Соның бір дәлелі мектебімізде 1,2,3 деңгейлік курстарды бітірген мамандар жемісті еңбек етіп жүр Олардың қатарында Сағадинова Майра, Францкевич Наталья, Жиенбаева Бағдат, Жумабекова Айсулу, Жетписова Асыл, Омарбаев Даурен.
Аталған мұғалімдер өз іс – тәжірибесімен әрдайым бөлісіп отырады.