Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің ашылуы.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы аясында
Бүгін 9-сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен Алимова З.Б. мұғалімінің ұйымдастыруымен «Заң – қоғамның тірегі» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың заң, міндет, тәртіп тақырыбы бойынша сөздік қорын байыту, мәтінді түсініп, ақпаратты талдау және өмірмен байланыстыру, сондай-ақ өз ойын қазақ тілінде дәлелдеп айтып, пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында оқушылар Конституция, билік, заң, құқық, міндет, талап, бап сияқты сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөз тіркестерін құрастырып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершіліктің қоғамдағы маңызына тоқталды.